Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды mad...
Латын графикасына көшу жұмыстары 2030-2035 жылдарға дейін созылатындығы рас па?
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов латын графикасына көшу мерзімін ұзартуға қатысты ақпарат туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстары 2030-2035 жылдарға дейін созылатындығы туралы «Известия» газетіне шыққан материал шындыққа сәйкес келмейді. Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақ әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру жөніндегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» ( ҚР Премьер-Министрінің 13.03.2018 ж. №27-ө.) бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Ресми ведомствоның мәліметінше, іс-шаралар жоспарын орындау 3 кезеңге бөлінген және атқарылатын шаралар кезең-кезеңімен нақты көрсетілген.
"Осы ретте Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоспарланған мерзімге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Бірінші, 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу, жаңа әліпбиде емле ережесін және латын әліпбиіне мәтіндік қайта көшіруге арналған IT қосымшасын әзірлеу;
Екінші, 2021-2023 жылдары мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, паспорттар, куәліктер және басқа да құжаттарды латын қарпіне ауыстыру;
Үшінші, 2024-2025 жылдары орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік БАҚ, сондай-ақ білім беру ұйымдарының іс қағаздарын латын қарпіне көшіру", - деп көрсетілген ресми ведомствоның жазбасында.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы әзірленуде. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі латыннегізді қазақ әліпбиін жаңғырту жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.
"Осы ретте Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоспарланған мерзімге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деп қадап айтты ресми орган.
madeniportal.kz