Бүгін, 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарба...
Сәтжан Қасымжанұлы. «Ұлылар мекені» – ұлт қазынасы
Абайдың кіндік қаны тамған жер – Сырт Қасқабұлақ болса, өтіп бара жатқан жолаушы бас имей кетпеске амалы қалмайтын бір ауыл бар. Ол кәдімгі Мұхтар Әуезовтің туған жері – Бөрілі. Нақты айтсақ, «Аяққараған».
Бөрілідегі Әуезов музей үйінің директоры Шағжан Исабаев атақты Бекен Исабайұлының баласы ғана емес, өңірдің тарихын жатқа соғатын азамат. Биыл Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 80 жасқа келсе, Шаһжан 50 жасқа келіпті. Мәселе онда емес.
Әкесі Бекен Исабаев сөзінен сәуле саулайтын ғажап адам болатын. Сол адамның «Ұлылар мекені» деп бүкіл Тобықты, Абайдың айналасын жазған кітабы қайбір жылдары жарық көрді. Аз ғана тиражбен. Оқырман құлақтанып үлгермей сол дүние бірден қолға түспей кеткен.інің өзі бір аңыз.
Жақында сол қолдан қолға тимей жүрген сол кітап қайтадан оқырманға жол тартты. Бес- он жүз емес, 1000 дана!
Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан (Иесі – Айдар Ғали-Арыстан) шықты. Оған қаржылай қолдау көрсеткен – Балтабек Наурызбаев бүгінде руханияттың мықты қамқоршысы ретінде танылған адам. Қазіргі күнде Астана қаласындағы «Нұр-Астық» ЖШС бас директоры.
– Жасыратыны жоқ, мен Шаһжанмен өткен жылдың күзінде ғана таныстым. Абай, Шәкәірім, Мұхтар Әуезовке қатысты тарихи жайларды жатқа айтып қана қоймай, көзіме көрсеткенде ерекше әсерге бөлендім. Әңгіме барысында әкесі Бекен Исабаевтың «Ұлылар мекені» деген кітабы шыққандығын, оның уақыт өте келе елдің есінен шыға бастағанын айтып қалды. Ондай қазынадан бір дана болса да қайда екендігін сұрадым. Себебі, ол кітап маған да ерекше әсер қалдырған Шаһжан берген кезде. Оқып шығып сұрап едім, өкінішке қарай қайткалап шықпаған екен. Сол олқылықты толтыруды азаматтық парызым деп білдім, – дейді Б. Наурызбаев.