ШҚО жастары «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады!» акциясын өткізді

РУХАНИЯТ
2728

ШҚО жастары «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады!» акциясын өткізді

«Рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру, насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал орта мектебінде «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады»! акциясы өтті.

Шараның алғашқы күні арнайы ақпараттық топ құрылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Түсіндіру жұмыстары аяқталған соң 5-7 сынып оқушыларының арасында флешмоб ұйымдастырылып, қабырға газеттері әзірленді.

Екінші күні 8-9 сынып оқушылары арасында ақындар айтысы өтті. Оқушылар Тәуелсіздік, туған жер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жырға қосып, бір-біріне әдемі әзілдер айтты.

Осы күні 10-11 сынып оқушылары «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары аясында әзірленген викториналық сұрақтарға жауап берді. Ақындар айтысында, викториналық сұрақтар сайысында жеңімпаз атанған, акцияға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хат, грамоталармен марапатталды.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...