Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

САЯСАТ
252

Александр Лукашенко Беларусь Президенті қызметіне жетінші рет кірісті, деп хабарлады madeniportal.kz POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Минск қаласында өткен инаугурациялық салтанат барысында Лукашенко ант беріп, Орталық сайлау комиссиясының төрағасынан президент куәлігін алды. Рәсімге 1 100-ден астам қонақ шақырылған.

Салтанат басталар алдында президент кортежі Минсктің орталық көшелерімен мотоциклдермен бірге жүріп өтті. Конституцияға сәйкес, ант беру рәсімі салтанатты жағдайда, билік тармақтарының өкілдері мен сот жүйесі мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Еске салайық, 26 қаңтарда өткен президенттік сайлауда Лукашенко ресми мәлімет бойынша 86,82% дауыс жинап, сайлаушылардың қатысуы 85,69% болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әсіредіншіл жігіт қабірлерді қиратып жүр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Todayinfoға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түніне орай үндеу жариялап, қазақстан...