Абылай хан, Кенесары, Әлихан: Қазақстанда тағы үш қаланың атауы ауысуы мүмкін

ЖАҢАЛЫҚТАР
1902

"Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса дүйсенбі күні  үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс тастады. Петропавл, Павлодар, Семейдің атын ауыстыруды ұсынып жатыр

Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.

"Петропавлды — Абылай ханның атымен, Павлодарды — тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді — Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз", — деді Иса "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында

Сосын ол өз пікірімен бөліскенін айтты. "Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз", — деп жауап берді Қазыбек Иса журналистерге. 

"Ақ жол" демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының құрметіне Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Сол күні үкімет конституцияға сәйкесінше өзгертулер енгізді. 23 наурызда мемлекет басшысы өзгертпелерді бекітіп, жарлыққа қол қойды. 


ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында Өзбекстан азаматы 8-сынып оқушысын зорлап жүкті қылды, деп хабарлайды MADENIPORT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуырда Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызмет...