Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі басталды. Назарбаев кімді таңдады?!

САЯСАТ
4165

Осындан біраз уақыт бұрын Nur Otan партиясының бірінші төрағасы, еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестіктің XIX кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. 

Бүгін, 23 сәуір күні - Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Негізгі мәселе біреу-ақ: еліміздің №1 партиясы, осыған дейін кез келген сайлауда (Президенттік болсын, Парламенттік болсын) «ешкімге дес бермеген» Nur Otan өз атынан Президенттік сайлауға кандидат ұсынады. Бүгінгі осы басқосуда Елбасы, біздің сүйікті Тұңғыш Президентіміз бір адамға «ақ батасын» беріпті  дейді. Бұл туралы бізге сенімді ақпарат көздері хабарлаған болатын.

Ол кандидат, еліміздің қазіргі «уақытша Президенті» – Қасым-Жомарт Тоқаев екен. Алдына ала бекітілген меже бойынша Қасекең 73 пайыздан кем жинамауы керек. Арғы жағын өздеріңіз түсініп отырсыздар... 

Тоқаевқа дауыс бересіздер ме?!

Әзірге ресми жарияланған жоқ. Күтіңіздер.




ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...