Адамдардың сайлауға барып тұрып "бәріне қарсымын" деп дауыс беріп кеткенінен елге пайда жо...
Жастардың қоғамдағы орны және жастар саясатының маңызы
Жастардың үлкен реформалардағы қоғамдық және саяси рөлін күшейту барлық халықтарға ортақ. Бұл жастардың модернистік жағдайларға бейімделу деңгейінің биік һәм жоғары болуымен немесе жаңашылдыққа деген ұмтылысымен байланысты. Сондықтан олар қоғамдағы өзгерістерден шеткері бола алмайды. Яғни қоғамның өркендеуі, дамуы, болашаққа деген айқын және сенімді көзқарасының орнығуы - осы қоғамдағы жастардың мәдени-әлеуметтік концепциялық сипатымен байланысты.
"Жастар" термині - гумантиралық және жаратылыстану ғылым салаларында кеңінен қолданады. Сонымен қатар осы бір ғылым төңірегінде "жастар" концепциясы, олардың жас ерекшелігіне байланысты қарастырылып, жас шегін анықтауға тырысады. БҰҰ-ның пікірі бойынша «жастар» терминінің мағынасы әлем елдерінің арасындағы айырмашылықтармен анықталады. Яғни, осы тұжырымдаманың немесе оның төменгі және жоғарғы жасының анықтамасы елдердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларға, этникалық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрлерге байланысты өзгеруі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан «жастар» ұғымы өзгермелі категориялардың қатарына жатады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік тарихтың әр кезеңінде өзгеріп отыратын тарихи-әлеуметтік ұғым. Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметтеріне сүйенсек, "жастар" концептциясының қазіргі жасмөлшері 13 пен 14 жастан бастап, 20 мен 30 жасқа дейін. Дүниежүзілік зерттеулерге сәйкес төменгі жас шегі жыныстық жетілумен, жалпы білім берудің аяқталуымен, кәсіптік білім берудің басталуымен, ал жоғарғы шегі экономикалық тәуелсіздік, жеке тәуелсіздік, қаржылық меншік және отбасын құру мүмкіндігімен байланысты.
Мінекей, адамзат мәдениеті мен өркениетінің бүгіні мен келешегі осы бір «жастар» терминінің тікелей иеленушілері, яғни жастардың әлеуметтік және мәдени белсенділігіне байланысты екені сөзсіз. Жастардың дамуының сапасы да, жастарға деген модерндік пікірлердің қалыптасуы мен орнығуы да мына бір үш фактормен байланысты - жастар қызметінің әлеуметтік және мәдени негіздері, жастар саясаты мен оның мәдени бетбұрыс жиынтығы, қазіргі өмірдің мәдени және әлеуметтік табиғаты. Яғни жастардың гиперактивтілігі әлеуметтік жүйенің деңгейіне, елдегі әлеуметтік және саяси өзгерістерге, демоктариялық реформаларға, мәдени және рухани құндылықтарға, ұлттық салт-дәсүрлерге, мәдени құндылықтардың негізін анықтау үшін барлық уақытта жастардың іс-әрекетінің заңдылығына байланысты. Бұл дегеніміздің жастардың гиперактивтілігі мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылудан, өзгерісте болатын мәдени және әлеуметтік ортада өздерінің құқықтарын қорғауға шешім қабылдаудан, қоғамдағы өз орны мен рөлін алуға ұмтылудан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдармен байланысты жастардың тұжырымдамасында жастардың белсенділігі мен оған деген көзқарастарды әр түрлі қабылдау мен таратудың қалыптасуы заңдылық.
Осы орайда мемлекетіміз еліміздің болашағы үшін жастар саясатының жүйелі жүргізілуі үшін нетүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келеді. Мәселен, Тәуелсіздік алған жылы, яғни 1991-де "Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт" мемлекеттік комитеті, ҚР Жастар іс жөніндегі мемлекеттік комитеті болып іргатасын қайтадан қалады. Кіл облыстар мен аудан орталықтарында, шаһарларда жастар комитеті құрылды. Кейбір елді мекендерде жастар комитеті мемлекеттік қауымастықтар мен әкімшіліктердің құрамына енді. "Жастар ісі жөніндегі комитет пен Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі 1993 жылы таратылып, оның орнына ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі келді.
Тұңғыш Президенттік бұйрығымен 1996 жлы Үкімет жастар хаққында заң жобасын дайындады, аталмыш заң жобасы 1997 жылы парламент депутаттарының талқылауына шығарылды. Сонымен қатар, шағын мен орта бизнесті,жастардың шығармашылығын дамыту һәм қолдау, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан маңызды бастамаларды, жасөспірімдер мен балалардың БАҚ-ын кеңейту бойынша шаралар дайындау керектігі туындады.
«Жаңа ұрпақ» газетінде, 1998 жылы, «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысының кеңісі және Ақпарат министрлігінің жастар саясаты бөлімі дайындаған Қазақстан Республикасының Жастар саясаты концепциясының жобасы жарық көрді.
2001 жылы жастар саясатына байланысты парламенттік жиындар мен тыңдаулар өткізіліп, заң қабылдау қажеттілігі талқыланды. Әрине, отырысқа дейін үлкен дайындықтар орын алды. Депутаттар облыста болып, жастар өкілдерімен жолықты. Комитет тіпті "дала" жиналыстарын да өткізді. «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнама жобасы республикалық баспасөзде 2002 жылы мамырда жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арнайы қарарымен Әлеументтік-мәдени даму комитетіне қорытынды дайындауды жүктеді.
2003 жылдың қаңтарында Парламенттік жұмыс тобы жастар саясаты турасныда заң жобасының үкіметтік нұсқасына депутаттар ұсынған түзетулерді қарады. Мұнда жас қазақстандықтарды оқытуға жұмыспен қамтамасыз етуге, тұрғын үй несиелеріне байланысты стандарттар дайындаушылар мен халық қалаулылары арасында көптеген пікірталастар туғызды. Дәл сол жылдың 29 мамырында аталмыш заң жобасы әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қаралды. Отырысқа ақпарат және қоғамдық келісім министрлігің өкілдері мен жастар ұйымдары, қауымдастырдар қатысты. Келесі жылы болса, яғни 2004-тің 7 шілдесінде «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына Елбасы Н. Ә. Назарбаев қол қойды.
2013-тің ақпанында ҚР Үкіметінің 2020 жылға дейін мемлекеттік жастар саясатының концепциясын бекітті. Яғни бұл концепция аясында мемлекеттік жастар саясатының басты басымдылығы -жастардың қызығушылықтарына, бейімділіктеріне, шығармашылықтарына, әлеуметтік дамуына жағдайлар жасау.
2014 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан жастарының жаһандық даму индексі бойыша 170 елдің ішінде 27-орынға көтерілді. Ал келесі жылдың ақпанында "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" жаңадан заң қабылданды. Заңның нәтижесінде жастарды білім беру жүйесіндегі, еңбек ұжымдарындағы жастар ұйымдарының, консультативті кеңесті органдардың және жастардың өз-өздерін басқару органдарының қызметіне тарту заңмен бекітілді. 2015 жылдың ақпан айында қабылданған жаңа заңның маңызды ерекшеліктерінің бірі - ол, жастардың мақсат пен мүдделері, қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту болып табылды.
Соңғы бес жылда, яғни 2016 жылдан, 2020 жылға дейінгі аралықта "Қазақстан -2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясаты концепциясының екінші кезеңін іске асыру басталып кетті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың жастар үшін "Бес әлеуметтік бастамасы" 2018 жылы жарық көрді. Сонымен қатар сол жылдың қазан айындағы Жолдауында 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланды.
Көріп отырғанымыздан еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап жастарды, сонымен қатар жастар саясатын назардан тыс қалдырған емес. Себебі жастар және жастар саясаты -елдің әлеуметтік және мәдени дамуының һәм өркендеуінің негізі. Басқаша айтатын болсақ, жастар саясаты кез-келген мемлекеттің басты нысаны болып табылады. Жастар саясатының өзі - бұл, жастардың қоғамдағы экономикалық, саяси және құқықтық т.б. мәртебесін қоғамдыө және мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін сақтау және қорғау жөніндегі шаралар жүйесі. Сондықтан біздің еліміздің жастарын патриотизм, адамгершілік, білім және өркениет рухында тәрбиелеу біздің басты құндылықтарымыздың бірі болады.
Қоғамды қалыптастыру және мемлекеттің өркениетін жетілдіру үшін оның халқының, әсіресе жас ұрпақтың рухани жетілуіне ерекше көңіл бөлінетіне жоғарыда Үкіметтің жасаған істері мен қабылдаған Заңдары дәлел. Яғни еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі - еліміздің болашағы болып табылатын жастардың белсенділігін дамыту екендігі даусыз.
Қорыта айтқанда, жастар - бұл мемлекеттің болашағы, сондықтан олардың көңіл-күйі, мінез-құлқы мен күйі қоғамдағы және қоршаған ортадағы саяси, әлеуметтік және психологиялық ахуалдың өлмеші ретінде есептеледі. Яғни ұлттық-рухани тәрбиенің құндылықтарын, озық жетістіктерге негізделген білімді бойына сіңірген ұрпақ қана ұлт тағдырын терең өлшеп, болашақты болжауға қабілетті тұлға қалыптастыра алатыны анық.
Жомарт Жылкелдіұлы,