ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды,...
«Арнайы заң қабылданады»: Қазақстанда шеруге шығуға рұқсат берілмек
1976
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген экслюзивті сұқбаты кезінде сайлаудан кейін бірнеше қаланы қамтыған ереуілдерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Сұқбат барысында мемлекет басшысы билік пен халық арасында диалог құру керегін баса атап өтті.
Сонымен қатар Тоқаев шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылдап, наразылық білдірушілердің өкілдері келіссөздер үстеліне шақырылатынын жеткізді.
"Заңсыз нәрсенің бәрі тоқтатылып отырады. Бас прокуратура бірнеше рет көшеде бұлай жиналу заңсыз екенін ескертті. Санкцияланбаған митингтер, тәртіпсіздіктер - мұндай акцияға қатысуды қаламайтын тұрғындарға кедергі келтіреді. Арнайы заң қабылданады. Демонстрацияға шығып, пікірін білдіргісі келген адамдар арнайы мекемелерге жүгінулері тиіс. Онда оларға жиналып, ойын білдіретін арнайы жер беріледі", - деді президент.
Президент мақсаты наразылық білдірген жастардың қазақстандық қоғамда өз орындарын табуға көмектесу екенін жеткізді.
"Біздің стратегиямыз - диалог құру. Менің саяси мақсатым- үкіметке жастарды әкелу. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге көмектесу", - деп Тоқаев баса айтып өтті.