Сайлау бойынша сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынады

САЯСАТ
6471

Сурет : VistaNews.ru

Жеке тұлғалардың сауалнама жүргізетін құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады.

Алдағы президенттік сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын тек кемінде бес жыл жұмыс істеген заңды тұлғалар ғана өз жұмысы туралы ОСК-на алдын-ала ескерту арқылы өткізе алады. Қалған сауалнаманың бәрі заң бұзушылық болып саналады. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.

- Сауалнама жүргізу құқығы тек заңды тұлғаларға берілген, жеке тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады. Олар бойынша да әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылатын болды, – деген Дембаев мысал ретінде сауалнама жариялаған басылымдардың бірін көрсетті.

Нәтижесінде басылым иесіне қарсы әкімшілік іс қозғалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...