Сәдібек Түгел Атырауда сайлаушылармен кездесті

ЖАҢАЛЫҚТАР
4657

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Атырау қаласында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды madeniportal.kz үміткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайық жағасында орналасқан мұнайлы қаладағы кездесуде Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтар жөнінде әңгімелеп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер тұғырнамасында көрсетілген басты міндеттерге ерекше тоқталды. 

Сондай-ақ, жиында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Ынтымақ Құлтасов, Клим Губашев, Асан Қарамоншақовтар сөз алып, кандидат ағдарламасындағы ел болашағын айқындауға қажетті басым бағыттар жайында айтып берді. 

Сонымен қатар, кездесу аясында «Ұлттық құндылықтарды ұлықтаймыз» атты қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Жиналғандар алдында домбыра бойынша Тұрлан Бисембаев, суретшілер Лаура Тілекбай, Мұрат Ерғалиевтар шеберлік сабағын өткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...