СЕГІЗ ҚИЫР ШАРТАРАП

САЛТ-ДӘСТҮР
8200

 Бұл ұғымның синонимі ретінде айнала, қоршаған орта, жан-жақ, төрт құбыла деген сөздерді қолдануға болады. Енді оны сәл тереңірек қарастырып көрсек. Арнайы энциклопедияда оны төмендегіше түсіндіреді:

Сегіз қиыр шартарап - ақиқат дүниедегі горизонталь кеңістіктің этнокогнитивтік санадағы сандық моделі.

Дүниенің төрт бұрышын және соған іргелес жатқан кеңістікті тұтастай қамтитын бұл концептуалды ұғым өр (күншығыс, күннің өрлеп шығатын түрі), төмен (күнбатыс, күннің еңістеп барып бататын тұсы), түстік (оңтүстік, бет тұс), терістік (солтүстік, арқа тұс) дегенмен байланысты.
Ал сегіз қиыр шар тарап түстік және түстік пен батыстың, түстік пен шығыстың, терістік және терістік пен батыстың, терістік пен шығыстың іргелес аралықтары деген ұғымды қамтиды.

Сегіз қиыр шартарап тұрақты сөз құрамындағы шар "төрт тарап" деген ұғымды білдіреді. Бұл жайында Бұқар жырау:

Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаңды түгел қып,
Төріңде жатып салмақтан,

десе, Қабан жырау:

Сый қылмасаң халқыңа,
Келе алмасаң қалпыңа
Түсе алмасаң салтыңа
Жүре берсең салпылдап,
Төрт құбыласы тең екен
Дегенді саған кім айтар?

деп жырлайды. Жыраулардың осы өлең жолдарындағы сегіз қиыр шартарап, төрт құбыла - адамның қарым-қатынастағы айналасы. Ал қоғам мүшесі өзін қоршаған ортамен, алыс жақынмен, айналасымен жақсы қарым-қатынаста болса, ондай адамды төрт құбыласы тең, төрт құбыласы түгел дейді. Халықтың түсінігіндегі горизонталь кеңістікті білдіретін бұл ұғымды төмендегідей кескіндеуге болады:


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...