Алматыда тағы бір 7 жастағы баланы көлік қағып мерт қылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2037

Қайғылы оқиға Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Jetour маркалы көліктің жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 7 жасар баланы қағып кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін 15 сағат 30 минутта Алматының Алмалы ауданында орын алды. Jetour маркалы көліктің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігіне қарай, Байзақов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, рұқсат етілмеген жерден шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция мәліметінше, соққы салдарынан бала қарсы бағытта келе жатқан Hyundai көлігіне соғылған.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша (ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігімен) Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады, - деді Салтанат Әзірбек. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...