Ұлбосын Кенжебайқызын көрген емеспін... Тек сыртынан білемін. Соңғы фильмім «Қара қызды»...
ЧЛ гимнінің пайда болуына қайғылы оқиға әсер еткен
Фото: видеодан скриншот
Чемпиондар Лигасының әнұранының шығуына қайғылы оқиға себеп болған. Бұл туралы журналист, саяхатшы Руслан Меделбек әлеуметтік желіде қызық ақпаратпен бөлісіп, гимннің тарихы туралы айтқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
1980 жылдары бұл жарыстың деңгейі нашарлай бастайды. Біріншіден, турнир 1/16 финалдан басталып, “Реал”, “Барселона” сынды мықты клубтар бірінші айналымнан-ақ ұшып кетуі мүмкін еді. Бұл командаларүа ұнамайды. Екіншіден, 1985 жылы Брюггеде өткен финалда “Ювентус” пен “Ливерпульдің” фанаттары төбелесіп, стадионның бір трибунасы құлайды. 39 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланады. Италиялықтар көп зардап шегеді. Англия клубтары бес жылға жарыстан шеттетіледі. Осылайша бұл дода үлкен дағдарысқа ұшырайды. Содан кейін, “Миланның” иесі Сильвио Берлускони турнирді түбегейлі өзгертуді, әр матчты теледидардан көрсетіп ақша табуды ұсынады.
1992 жылы УЕФА жарыстың форматын өзгертіп, топтық кезең жүйесін енгізеді. Эмблема мен гимн шығарады. Әнұранды британиялық музыкант Тони Бриттен жазады. Ол әнұранды шығарғанда 1727 жылы ағылшвн каролі ІІ Георгті таққа отырғызғанда қойылған “Діндардың бақшасы” деген мына музыканы негізгі алады.
Әнұранды Лондон симфония оркестрі ойнайды. Ал, хорды Қасиетті Мартин академиясының хоры орындайды. Әнұран ағылшын, француз, неміс тілінде орындалып, “Чемпиондар”, “мықтылар”, “ұлы спорт додасы” деген сөздер айтылады.