Дильназ Ахмадиева: "Бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

МУЗЫКА
2619

Әнші Дильназ Ахмадиеваның күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арналған әні шықты, – деп хабарлайды, madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. Ән “Кеш” деп аталады. Өнер иесі Салтанат Нүкенованың жағдайы өзіне қатты әсер еткенін айтты.

“Мен бұл жантүршігерлік трагедия туралы елмен, бүкіл әлеммен бірге білдім. Бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ менің қолымнан келгені ән жазып, Салтанатқа арнау болды! @aitym (Айтбек Амангелді) Барлығы үшін көп рақмет. Мен сіздің отбасыңыз үшін бұл жағдайдың қаншалықты ауыр екенін елестете алмаймын. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін! Ән халықтың жүрегіне жетеді деп сенемін!” – деп жазды ол.

«Аспаннан жаңбыр болып төгілсең де,

Ғарыштан жұлдыз болып көрінсең де,

Өкініп жүрегіңді қайта берсең де,

Сүймеймін енді қайтып сені мүлде.

Кешірім сұрасаң да енді кеш,

Екеуміз деген тек қиял елес.

Өтірік өкініштен не пайда?

Бәрі бір енді кеш». Ән мәтінінде осындай жолдар кездеседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...