«Интервидение -2025» жарысында Әміре жетінші орын алды

Фото: әлеуметтік желіден

МУЗЫКА
481

«Интервидение -2025» жарысында Әміре жетінші орын алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Байқауда Қазақстан атынан Әмре атымен танымал әнші Ернар Садырбаев пен сегіз жасар Жасмин Қайратқызы өнер көрсетті. Олар ақын Саят Рахымжановтың өлеңіне жазылған «Дала таңы» әнін бірге орындады. 

Орындаушыларды барлық қатысушы елдердің өкілдері қатысқан қазылар алқасы қарады. Қазылар алқасының дауыс беруі бойынша  Әміре мен Жасмин 339 ұпай жинап, жетінші орынды иеленді.

«Мен бұл жобаға Қазақстанның мәдениетін таныстыру және оның намысын қорғау үшін келдім. Мен тек қана қазақ ән өнеріне қызмет етіп, оған өз өмірімді арнаймын. Барша қазақ халқына көп рахмет!»  деп жазды Әміре өзінің инстаграмдаға парақшасында. 

Айта кетейік, «Интервидение» байқауы Мәскеуде 20 қыркүйек күні кешке өтті. Оған 22 орындаушы қатысты. Америкалық әнші Vassy сахнаға шықпады. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оған Австралияның билігі тыйым салған, себебі оның осы елде азаматтығы бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...