Қазақ эстрадасындағы танымал әншілер тиісті жалақы көрмедік деп базынасын жеткізді. Алматыда арнайы...
“Қателігімсің” қыздардың әнұранына айналды”: Балжан Бидаш әндерінің астарын түсіндірді
Фото: әлеуметтік желіден
Әнші Балжан Бидаш сахнаға қайта оралғалы шығарған әндерінің астарын түсіндірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Журналист, тележүргізуші Айкерім Есеніліге алғаш рет жеке сұхбат берген Балжан Бидаш жеке өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен бөлісті. Әншінің айтуынша оның шығаратын әндері ішкі жан-дүниесіне сәйкес келеді екен. Ал, жеке өміріндегі үлкен өзгерістен кейін сахнаға орала салып шығарған алғашқы әні тыңдармандарын таңқалдырып та, ойландырып та қойғаны жасырын емес. Бұл туралы әнші арудың өзі “қыздардың әнұранына айналды” деп қысқаша түсіндіріп өткен.
“Біраз демалыстан кейінгі әнім “Қателігімсің”. Сол уақыттарда, жаңа өмір бастағалы, шығармашылық енді бастап жатқан кезде “Енді мен қандай әнмен шығуым керек?” деген сұрақта жүрген кезде осы ән алдыма келеді. Әннің авторы да ажырасқаннан кейінгі уақыты екен. “Осы ән саған келетін сияқты” деп ұсынды. Маған ән бірден қатты ұнады да, “осы әнді бірінші шығаруым керек” дедім. Былай айтқанда бұл ән көп қыздардың әнұранына айналды”.
Сонымен қатар, Балжан Бидаш өмірдегі сынақтарды қателігімсің деп емес, тәжірибе деп қабылдай білу керек деп те айтып өткен.
Журналистің “Қателігімсің” әніне түсірілген бейнебаянның сценарийін кім жазды? - деп қойған сұрағына өнердегі ару шынайы әрі толық жауап бере білген. Ол сол сәтте өзінің демалыстан кейін үлкен құлшыныспен жасағанын жасырмады.
“Шығармашылық демалыстан кейін бастап жатқан бірінші жұмысым болғандыштан мен кәдімгі талпыеыс, мотивация, сағынышпен жанып жүріп жасадым да, команда да күшті болды. Бейнебаянды түске дейін жарты күнде түсіріп тастадық”.