Ұлттың рухани қазынасын, бай музыкалық мұрасын ұмыт қалдырмай ұрпаққа аманаттаған абыз күйшілердің б...
Елордада үздік жас пианистер марапатталды
Елордада Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас таланттар қатысты.
_1669606340775.jpeg)
Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс Astana Piano Passion Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ, оған «Астана Опера» театрының Камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.
_1669606356035.jpeg)
«Мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахналарын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі, музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.
_1669606381709.jpeg)
Іріктеу кезеңіне 112 бала қатысты, оның 59-ы жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып іріктеу турларын және балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Қазылар алқасы құрамында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.
_1669606404988.jpeg)
Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында I, II және III орын иегерлері анықталды. Үздік музыканттарға ақшалай сертификаттар табысталды.
_1669607109031.jpeg)
_1669606428512.jpeg)