“Сендерге әрдайым орын бар”: Пойызда жазылып, тарихта қалған ән

Фото: ЖИ

МУЗЫКА
905

Сендерге әрдайым орын бар,

Ақ отау төріне қоныңдар.

Ақ тілек, батамыз — мінекей,

Бақытты болыңдар, болыңдар!

Отау құрып жатқан жас жұбайларды қарсы алудың әнұраны іспеттес болып кеткен бұл ән пойызда сыйлық ретінде жазылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ғашықтарға арнау болып кеткен әнді жазған — Бекжігіт Сердәлі. Әннің шығу тарихы қарапайым емес. Сазгер жақын достарының үйлену тойына сыйлық ретінде пойызда отырып жазған.

Ол күнді сазгер былай еске алады:

«80-жылдардың орта кезі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқимыз. Бiр күнi табан астынан курстас дос Құлтөлеу үйленетін болды. Пойыз жүйткіп келеді. Той өтетін мекенге жақындаған сайын жас жұбайларға қандай сый тартпағы ойлантып, ұнжырғамыз түсе бастады. Себеп — қалтаның таяздығы», — дейді сазгер.

Жоғарыда айтып өткеніміздей сазгер бұл әнді достарына сыйлық ретінде жазған, Ал, сол отау құрып жатқан Құлтөлеу де, Райхан да - сазгердің курстасы. 

Сазгердің пойыз доңғалақтарына ілесе отырып жазған әні сыйға жазылған жаңа ән болып дүниеге келген. Ал әннің сөзін жазған Өтеген Оралбаевпен сазгер тек екі жыл өткен соң, 1986 жылы танысқан екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...