75-ші Канн фестивалінің жүлдегері анықталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2856

75-ші Халықаралық Канн кинофестивалі 2022 жылдың 17-28 мамыр аралығында өтті. Фестивалдің лауреаттары 28 мамырда кешке жарияланды. Биылғы жылы басты сыйлыққа 20 фильм бақ сынап, нәтижесінде Канн кинофестивалінің бас жүлдесін — «Алтын пальма бұтағын» — 48 жастағы швед режиссері Рубен Эстлундтің «Мұң үшбұрышы» (Triangle of sadness) фильмі алды. Бұл туралы  festival-cannes.com-ға сілтеме жасап, "Мәдениет порталы" хабарлайды.

Еске сала кетейік бұл режиссердің Канн фестивалінде алған екінші жоғарғы марапаты. Ол өзінің алғашқы «Алтын пальма бұтағын» 2017 жылы "Шаршы" (The Square) фильмімен иеленді.

75-ші Канн кинофестивалінің жеңімпаздары:

Гран-приді француз режиссері Клер Денидің «Звезды в полдень» картинасы және бельгиялық режиссер Лукас Донттың «Близко» фильмі;

Үздік режиссер — оңтүстік кореялық Пак Чхан Ук («Решение расстаться»);

Үздік актриса — ирандық Зар Амир-Эбрахими («Священный паук»);

Үздік ер ролі үшін жүлдені Оңтүстік Корея актері Сон Кан Хо («Посредник»);

Үздік сценарий үшін сыйлыққа швед Тарик Салех «Мальчик с небес» фильмі;

«Алтын камера» жүлдесін Райли Кио мен Джина Гаммеллдің «Воинственный пони» картинасы;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесін режиссерлер Феликс ван Гренинген мен Шарлотта Вандермеерш «Восемь гор» фильмі үшін және Ежи Сколимовский «Ео» картинасы үшін алды.

Сондай-ақ фестивальдің мерейтойына орай құрметті жүлдені ағайынды Дарденннің «Тори и Локита» фильмі иеленді.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...