Айгүл Иманбаева ел білмейтін шындығын айтты

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
1311

Танымал әнші әрі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін Live» бағдарламасында берген сұхбатында шығармашылық жолына қайта бет бұрғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Барлық нәрсенің өз уақыты бар. Қазір жеке шығармашылығымды жаңғыртып, ән айту мен театр саласындағы жұмысымды қайта қолға алып жатырмын. Кинода да өзімді сынауға ниеттімін. Алда 50 жасқа толамын. Күнделік жүргіземін, болашақта мемуарлық кітабым жарық көруі әбден мүмкін», — деді ол.

Көрнекті өнер иесінің сөзінше, қазіргі кезең — өмір мен шығармашылық жолындағы жаңа белестерді қайта бағалау мен сараптау уақыты.

Әнші жаңа жобаларға кірісіп, кинодағы тың рөлдерге дайын екенін мәлімдеді. Көпшілік Иманбаеваның өнерге қайта оралуын жылы қабылдап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...