Ресейге кіре алмаған Нұрлан Сабуров Қазақстанға келді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
716

Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңертең ерте Мәскеуден Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы әуежайына қонған ұшақ жергілікті уақытпен 04:50-де қонды. Әуежай қызметкерлері журналистерге әзілкештің келу сәтін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Нұрлан Сабуров баспасөз өкілдеріне ешқандай пікір білдірмей, бірнеше адамның сүйемелдеуімен әуежай ғимаратынан жедел шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, Нұрлан Сабуров көпшіліктің назарынан қашуға тырысып, әуежай аумағынан тез арада кетіп қалған. 

Бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге келген бойда Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресейлік БАҚ дерегінше, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.

Алайда аталған жағдайға байланысты Ресейдің ресми органдары да, Нұрлан Сабуровтың өзі де, оның өкілдері де әзірге ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...