«Қыз ұзату шағын тойға жатады»: Роза Әлқожа тойдағы дарақылықты шектеуді ұсынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1549

Танымал әнші Роза Әлқожа елімізде той жасау мәселесіне тағы тоқталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Әнші үйлену тойынан басқасын кішігірім әулетімен үйде атап өту дұрысырақ екенін атап өтті.

«Тағы да той жайлы. Өткенде Сұлтан деген ініміз үйленіп, беташарды үйінде, есіктің алдында жасады. Қандай жарасымды?! Шынайы.
Ал, енді осындай шағын тойларды, үйде, шағын дәмханада атап өткен дұрыс. Баланың шілдеханасы, бір жас тұсаукесері. туған күн дегендей нәрселер шағын ортада аталып өткен жақсы.
Үлкен мерейтой не үйлену той болмаса, ұзату да шағын тойға жатады деп есептеймін.
Жаз болса жақсы, қыс болса алыстан келетін қонақтың келіп-кетуін уайымдайсың, ол әуре болады, оған кейін барарда сен әуре боласың дегендей. Сондықтан алдағы уақытта өз арамызда, әдемі сәттерді шағын атап өтуді үйренуіміз керек. Енді елді таңғалдыратын ештеңе қалмады. Жұрт үшін, ел көрсін деп жасағаннан ешкім бақытты боп кетпейді! Бастысы - адам өзі бақытын сезінуі қажет екен. Тіл бар, көз бар, сөз бар, содан сақтанып, бата алу мақсатында жасалған қуаныштар көп болсын! Өз ойым! Ой қоса кетіңіз!», - деді әнші.