«Ақша үшін жүр»: Алтынай Жорабаев өнердегі әріптестерінің әрекетіне ашулы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
3086

Әнші Алтынай Жорабаева жақын адамдарына деген ренішін білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі өзі турал ғайбат сөз айтатын кісілерге ашуланды.

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, “Сен кереметсің, жаным, күнім” деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. “Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз” деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері “Ғайбат айтпаңыздар” деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын», – деп жазды әнші.

Айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес. Тіпті ол адамдардың өзі де білетінін жеткізді.

«Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген “Халық қалаулылары” осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», – деді Алтынай Жорабаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...