Белгілі айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева студент кездегі таныс қыздың махаббат хикаясын а...
Алмас Кішкенбаев басын дауға қалдырған оқиға туралы мәлімдеме жасады
Фото: инстаграм парақшасынан
Басы дауға қалып, 15 күн қамауда отырып шыққан Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жас балаға тиісті деп айыпталып, 2 тәулік қамауда болған өнер иесі бостандыққа шығып, әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, нүктесін өзі қойғанын айтты.
“Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім беремін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы Құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған тағылған айыппен мен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Тағы да қайталаймын. Барлығы Құдайға шүкір аяқталды. Енді бұдан былай бұл ақпарат жөнінде маған сұрақтарыңызды қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын”, - деп айтқан Алмас Кішкенбаев.
Бұл мәлімдеме жасалған видеоға желі қолданушылары мен әншінің қолдаушылары түрлі пікір жазуда. Пікірлердің легі әншіге сенгенін жазған хаттармен толығып жатыр.