Танымал әнші Димаш Құдайберген фотосессия жасап, қазақы тазымен түскен суреттерін жариялады, деп хаб...
"Ән ағам, жан ағам": Мөлдір Әуелбекова Мейрамбек Беспаевты ерекше құттықтады
Фото: әлеуметтік желіден
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаевты 50 жас мерейтойымен құттықтады. Өнер иесі мерейтойлық концертте әншімен бірге сахнаға шығып, ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуына орай жеке шығармашылық кешін өткізді. Мерейтойлық концертте өнердегі әріптестері бас қосып, әншіге құрмет көрсетті.
Солардың қатарында Мөлдір Әуелбекова да болды. Ол Мейрамбек Беспаевпен бірге сахнада ән шырқап, ерекше сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ән ағам, жан ағам мерейтойыңызбен", – деп жазды Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова мен Баян Мақсатқызының арасындағы келіспеушілік көпшіліктің назарын аудартқан болатын. Бір ай бұрын Кешью тобының 20 жылдық концерті Астана қаласында өтті. Дәл сол концерт алдында танымал продюсер өткен шоуында келмеген Балжан Бидаштың келетінін, бірақ Мөлдірді енді шақырмайтынын айтқан болатын. Дегенмен Баян Мақсатқызы әншінің өзінен кешірім сұрап барғанын да айтып өткен.
Ал, Мейрамбек Беспаев қазақ эстрадасында өзіндік орындаушылық мәнерімен танылып, көптеген лирикалық әндерді халыққа кеңінен танытты. Әнші жеке шығармашылығымен қатар "МузАРТ" тобының құрамында өнер көрсетіп, қазақ музыкасының дамуына үлес қосып келеді.