“Мөлдір барда жайнап жүретін”: Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне арнайы барды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
707

Белгілі әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне арнайы барып, оған тосынсый жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі анасына құшақ толы гүл сыйлап, ақ тілегін жеткізген. Анасының баласына деген қуанышы мен толқыған сәттері әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін елжіретті.

Алайда видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары Мөлдірдің бірге барған кездерін еске алып, отбасының бұрынғы сәттерін сағынғанын жазды.

«Мөлдір болғанда қасында бес баласымен әдемі болып барушы еді. Анасы да қартайып қалыпты. Мөлдір барда жанында жайнап жүретін еді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Әдеттегідей пікірлердің екінші тұсы да болды. Тұрсынбектің анасына балаларымен бірге барғаны жарасымды көрініс болар еді деген ой айтылды.

«Сопиып жалғыз жүргені көңілге қаяу түсіреді», «Балалары мен Мөлдір бірге барғанда, әдемі көрініс болар еді», «Анасы үшін балаларының бәрі жанында болса, одан асқан бақыт жоқ шығар» деген мазмұндағы пікірлер де кездеседі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...