Мөлдір Әуелбекова жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, тыңдармандарының назарын образымен жаулап ал...
“Маған да, анама да қол көтеретін”: Ақбота Керімбекова отбасындағы қиындықтар туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
Танымал әнші Ақбота Керімбекова отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбын қозғап, мұндай жағдайға өзінің де куә болғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің сөзінен отбасындағы жанжал мен күш көрсету тек ерлі-зайыптылардың арасындағы мәселе болып қалмайтыны аңғарылады. Мұндай көріністі көріп өскен баланың санасында оның ізі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Ақбота Керімбекова өмірінде кездескен қиындықтар туралы айта келе, сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, әр адамның ішінде жұрт біле бермейтін ауыр естелік болуы мүмкін екенін жеткізді.
"Анам менен кейін көтере алмады. Мен жалғыз қызбын. Әкем сол ұлы болмағаны үшін маған да, анама да қол көтеретін. Ол кезде бала едім. Қынжылатынмын. "Папам үйге келмесе екен" деп тілейтінмін. Кейін естідік, әкемнің басқа отбасы барын. Мен шыны керек оған қуандым", - дейді әнші.