Әсіресе қыздар қауымы..: Аша Матайдың күйеуі өзі туралы қауесетке жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
196

Әлеуметтік желіде Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы ақпарат тараған еді. Желіде қызу талқыға түскен жағдайдан кейін әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Арман Қоңыр бұл жағдайды әзілге айналдырып, оқырмандарына үндеу жасады.

«Жайлау» гольф-клубында жүрген әнші:

«Құрметті оқырманым, әсіресе қыздар қауымы, бүгін осы жерден сурет салмаңыздаршы. Әйтпесе, кейбір адамдар бізді жүреді деп қалады. Менің айтарым – осы», – деді.

Кейін Арман Қоңыр аталған жерден сурет жариялап, жазбасына тағы да әзіл қосты.

«Бүгін бұл жерден Instagram-ға фото салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да бұл жағдайға әзілмен қарап, Арман Қоңырға жылы тілектерін білдірді.

Шоу-бизнес

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ләйсирә Марат суррогат ана арқылы дүниеге келген балалар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Әбунасыр Серіковтің ұлы Әбілмансұр Серіков әкесінің өзін өнер жолында неге қолдамағаны...