Сәкен Майғазиев Тұрсынбек Қабатовтың жағдайын сұарған желі қолданушыларына алғыс білдірді, деп хабар...
“Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын”. Қыдырәлі Болманов Мақпал Жүнісоваға шынайы пейілін білдірді
Фото: инстаграм парақшасынан
Әнші және продюсер Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісовамен алғаш таныстығы мен өткен күндерді еске алып жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол өзінің бір кездері өнер көрсеткен «АБК» тобының концертіне қатысты естеліктерімен бөлісті. Әншінің айтуынша, марқұм Заманбек Нұрқаділов Алматы қаласының әкімі қызметінде болған кезде топтың концерті үшін орын табуға жәрдемдескен. Ал Мақпал Жүнісова әншінің Заманбек Нұрқаділовтің қабылдауына жетуіне септігін тигізген екен.
Мақпал ханымды алғаш рет халықаралық «Азия Дауысы» конкурсында көрдім. Таныса келе өзіне ғана тән, ашық-жарқын, көңілді көтеретін ғажап күлкісін таныдым. Әнші ретінде өз алдына бір мектеп, адамгершілігі бұдан да бөлек. «АБК» тобының алғашқы концертіне дайындалып, зал іздеп жүргенде, Мақпал ханымды көріп, қуанып кеттім, - дейді Қыдырәлі Болманов.
Өйткені, өзінің айтуынша, ол жылдары Мақпал Жүнісованың күйеуі Заманбек Нұрқаділов Алматы қаласының әкімі болып тұрған екен. Қыдырәлі Болманов мүмкіндіктен айырылмай, Мақпал Жүнісовадан «әкімге жолықтырыңызшы» деп қолға салған.
Шамамен 10 минуттан кейін Мақпал ханым телефон соғып, «бүгін сағат 16:20-да бар, қабылдайтын болды» деді. Алғысымды жаудырып жатырмын. Уақытында бардым. Ағаның кабинетіне кіріп келсем, «қабылдаймын, міне өзі де келді» деп телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Маған қарап «әрине, көмектесемін» деп жымиды. Заманбек аға бірден қолдады. Адам сыймай, керемет концерт болды. Мақпал ханымды көрсем, сол жылы әкімге кіргізіп қана қоймай, ұмытпай, «келді ме, қабылдадың ба?» деп жанашырлық танытып жатыр екен. Сол әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын, - дейді Қыдырәлі Болманов.