«19 жасымда келін атандым»: Роза Әлқожа әсерлі жазба жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
534

Танымал әнші Роза Әлқожа туған күніне орай жантебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Өнер иесі желі қолданушыларына әнші болғаннан бұрын келіндік өмірді кешкенін айтты. Сонымен қатар қазіргі таңда екі жүзден астам әннің орындаушысы және жүздеген әннін авторы екенін де жеткізді.

«Біреуге ерте қонған әншілік бақ маған кеш қонғанымен, отбасылық бақыт маған ерте бұйырды. Он тоғызымда келін атанып, жиырма жасымда ана болдым, шүкір!

33 жасымда бес баланың анасы, Алматы-Астанада бес үлкен кеш берген әнші-сазгер, («Мына өмір ғажап қандай?!» «Мен сыйға тартқан орамал», «Жүрек назы», «Ән салшы, Роза», «Әпке») аты-жөні белгілі тұлғаға айналдым. Екі жүзден әннің орындаушысы, жүзден астам әннің авторы. отызға жуық бейнебаяны бар, оннан астам альбом шығарған еңбекқор жан ретінде өзіме разымын!», - деді Роза Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...