«Ұят қалмады ма?»: Мақпал Исабекованың жаңа видеосы қызу талқыға түсті

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
542

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова шетелдегі демалысынан жаңа видео жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«SuperStar KZ» жобасы арқылы танылған өнер иесі 6 қазанда Instagram парақшасына бассейнде түсірілген видеосын жариялаған. Әнші жазбасына қысқаша ғана «Керемет сәт» деп жазған. Видеода Исабекова ұзақ уақыт бойы жасаған жаттығуларының нәтижесін көрсеткен.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірқатар оқырман әншінің дене бітіміне тәнті болып, оның өз-өзімен жұмыс істегенін жоғары бағалаған.

«Керемет дене бітімі. Адамның еңбектеніп, армандаған нәтижесіне жеткені ұнайды», «Сіз кереметсіз! Үлкен еңбек атқарғаныңыз көрініп тұр», – деп жазды қолдаушылар.

Ал кейбір желі қолданушылары әншінің мұндай видеоны көпшілікке жариялауын сынға алған. Олар Мақпал Исабекованың ана екенін алға тартып, ашық образға қатысты өз пікірлерін білдірген.

Осылайша, әншінің демалыста түсірілген бір видеосы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адам таңын кофемен бастайды. Бірі сергектік үшін ішсе, енді бірі кофенің дәмін ұнатады. Алайда б...

PESTEL

Тель-Авивтен Венаға бағыт алған Austrian Airlines әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы жарылыс қаупі...