«Менде абьюзерлік белгілер бар»: Қайрат Әділгерей отбасындағы сырды жайып салды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1617

Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей келіншегімен ара қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Актер отбасында кикілжіңнің болуы мінезінің ауырлығымен байланыстырды.

«Көбіне мен жақтан келіспеушіліктер болып жатады. Сен бүйтіп қалдың, осы жерде өзіңді бүйтіп ұстадың деп ашық отырып сөйлесеміз де. Бақыт маған өзінің айыптарын айтып жатады, мен айтайын десем ешқандай мін таппаймын. Кеудеге салып, мендігім алға шығады. Абьюзерлік қылықтарым бар. Бірақ кейін ойланып қарасаң көп жерде отырып сөйлесу керек қой. Отырып сөйлесіп, ашық. Әйелімнің айтуынша, оны алдап сырттан ғашық болып қалдың ба «ойбай, кетпе» дейтін адам емеспін деп. Керісінше, дос болып қалайық. Өйткені бізде арада бала бар. Ара қатынасымызды сақтап қалайық. Мүмкін мен қайтып келсем ше десем, онда ренжіме мен қабылдамаймын дейді. Бірақ менен андай ештеңе күтпе, жұрт сияқты драма шығармаймын дейді. Сен ғашық болып қалсаң, мені қинап тұрғызып қоя алмаймын ғой дейді келіншегім», - дейді әзілкеш.

Айта кетейік, Қайрат Әділгерей Әйгерім Сейфолланың «Сырласу» бағдарламасында сұхбат берген болатын.

Әлем

Бакудегі Республикалық перинаталдық орталықта жеті нәресте қаза тапқан өртке байланысты орталықтың д...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнш...