Әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz. Ол әлеуметті...
«Заң алдында жауап береді»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы актерді сотқа бермек
Фото: әлеуметтік желіден
604
Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен ресми түрде шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін адвокатпен кездескенін және оған сенімхат рәсімдегенін атап өтті. Айтуынша, енді құқықтық процесс ресми түрде басталады. Ол, актердің айтқан әрбір сөзі үшін жауап беретінін айтып, өзіне сәттілік тілеуін сұраған.
«Бүгін адвокатпен жолықтым. Сенімхат жасап алдым, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілей беріңіздер. Айтқан әр сөзі, маған жала жапқаны, әке-шешеме, балаларым мен әулетіме тіл тигізгені үшін заң алдында жауап береді», – деп жазды ол.