Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа беріп, 1,5 млн талап етіп отыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
531

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Qaz365.k-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат тележүргізушінің талап-арыз құжаттарынан белгілі болды.

Асхат Садырбай бұрынғы әйелі әлеуметтік желілерде – Instagram, TikTok, YouTube және Facebook парақшаларында ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттар жариялаған деп отыр.

Тележүргізуші әйелінің айтқан физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті деген мәліметтер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қолсұғушылық ретінде бағаланған.

Талап арызда Асхат Садырбай:

  • Жарияланған ақпараттарды жалған деп тануды,
  • Аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялауды,
  • Жазбаша кешірім хатын жолдауды,
  • Және 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр.

Одан бөлек, кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасының редакциясына жолдау да талап етілген.

Азаматтық іс 2025 жылдың 21 ақпанында қозғалған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы сотында қаралу үстінде. Тараптардан түсініктеме алынбады.

Ал Айғаным Қорабаева соттың ашық болғанын қалап отыр. Ол сот отырысына БАҚ өкілдері қатысуы керек деп есептейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 26 турист қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ O...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хаб...