«Рұқсатынсыз айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызының жігіті жайлы сөз қозғады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
3116

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Актриса сары басылымда үлкен қызының «тұрмыс құруы» жайлы жалған ақпарат тарағанын айтты. Алайда, өнер иесі қызының ондай жоспары болмағанын және тіпті жігіті жоқ екенін алға тартты.

«Сезім жайлы «сары пабликтер» оқырман санын көтеріп неше түрліні тақырып етіп шығара береді. Біріншіден, қызымның басы оқудан, сабақтан, жобалардан, тренировкадан босамайды. Екіншіден, күйеу түгілі, ешқандай жігітпен жүрмейді. Ал, енді мамандыққа, жоғары оқу орнына келетін болсақ әзірге өзінің рұқсатынсыз айта алмаймын», - деді актриса Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...