Әлемдік танымал жұптың 1 жастағы балалары миллиардер атанды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. The Wa...
«Оған мүмкіндік жоқ еді»: Төреғали Төрәлінің қарындасы әншінің арманын айтып берді
Фото: әлеуметтік желіден
Блогер Фариза Төреәлі әнші ағасы Төреғали Төреәлінің бала күнгі арманы мен естеліктерін айтып берді, деп хабарлайды
Блогердің айтуынша, ағасы мүмкіндіктері болмаса да үлкен нәрселерді армандап шын секілді айтып жүретін болған. Сол дүниелердің қазір орындалғаны әншінің қарындасын толғандырып, естеліктерін бөлісті.
«Ағам, сіңлім үшеуміз армандауды, болашақ жайлы елестетуді жақсы көретін едік. Әсіресе ағам. Шамамен жеті жастағы кезім. Байқоңырда тұрамыз. Шай үстінде жақсы әңгімелер көп айтылатын. Сонда ағам бір сөзінде: Алла қаласа үлкен қалаға көшеміз, сондай күнге жетеміз, бәріміз таңертең тұрып "таңғы асты Парижде ішейік, кешкі асты тағы бір елде ішейік" деп кетіп қала салатын сәттер болады деді. Бірақ ол кезде оған мүмкіндік жоқ еді. Менің есімде қалып қойыпты, тіпті миыма сіңіріп алдым», - деп жазды Фариза Төреәлі желідегі парақшасында.
Әншінің ойында, қиялында шектеу болмағанын, өзінің де армандарына сенімі мол болғанын жасырмады.
"Мүмкін емес" дегенді ойламапты, ойына, армандарына, қиялына ерік беріпті. Сол кезде кішкентай Фариза әлгі өмірді елестетіп, миына жаңа нейрондарды енгізе бастаған екен. Мен дәл біз армандап отырған өмір мүмкін екендігіне сендім. Адамға сенім өте керек», - дейді ол.
Көпшілікке блогер ретінде танымал Фариза Төреәлі оқырмандарына, адам сөзін, ойын дұрыстамайынша ештеңе өзгермейтінін түсіндірді.