Танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі балаларымен қауышты, деп хабарлады Мadeniportal....
«Ата-анама тіл тигізбеңіз!»: Анна Данченко танымал әншімен сөзге келіп қалды
коллаж MadeniPortal.kz
Тележүргізуші Анна Данченко дәстүрлі әнші Алма Аманжолованың өзіне қатысты айтқан сынына жауап берді. Әншінің марқұм анасын еске алып, мінезіне қатысты пікір білдіруі тележүргізушінің көңіліне тиген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желіде Алма Аманжолова Анна Данченконың мінезіне қатысты пікір қалдырған. Ол тележүргізушіні көргенде бойынан тәкаппарлық байқағанын айтып, мұндай мінездің уақытша екенін жеткізген.
«Көргенде сәл көкірек бар екен деп түйдім... Ол да уақытша болатын мінез. Мәселе түрінде емес, анасы бар кезде де байқағанмын», – деп жазды әнші.
Бұл пікірге Анна Данченко жауап беріп, адамды сырттай бағалау дұрыс емес екенін айтты. Әсіресе, өзі үшін ауыр кезеңде мұндай сөз есту орынсыз екенін жеткізді.
«Мінезді көргенде емес, танығанда, араласқанда біледі. Әсіресе, бұндай ауыр кезеңде сыртымнан баға бергеніңіз орынсыз деп ойлаймын. Мүмкін, мен сіз ойлағандай адам емес шығармын, кешіріңіз, ойыңыздан шықпасам. Аман жүріңіз, әпке, жасыңыз үлкен ғой, қайткенде де сыйлаймын», – деді тележүргізуші.
Алайда Анна мұнымен шектелмей, әншінің сөзі өзіне қаншалықты ауыр тигенін ашық жазды. Ол Алма Аманжолованы өнер адамы әрі үлкен әпкесі ретінде сыйлағанын, сондықтан мұндай пікірді күтпегенін жеткізді.
«Өнер адамы, әпкеміз деп сыйлаған адамым едім... Өте өкінішті... Иә, анам бар кезде мен үндемей қоя салатын едім. "Жетім" деп бетіме басып тұрсыз ғой қазір осыны! Жанашыр болсаңыз, жекеге жазып, өзіме де айтуға болар еді ойыңызды!» – деп жазды Анна Данченко.
Тележүргізуші бұдан былай өзіне қатысты орынсыз пікірлерді үнсіз қабылдамайтынын да мәлімдеді.
«Кешіріңіз, бірақ қазір ешкімнің сөзін басымнан асырмаймын. Орынды айтылған пікір болса бір жөн ғой... Өтініш, ата-анама, тәрбиеме тіл тигізбеңіз!» – деп түйіндеді ол.
Осылайша, әншінің мінезіне қатысты айтқан сынын Анна Данченко өзінің отбасына және марқұм анасына қатысты ауыр сөз ретінде қабылдағанын білдірді.