"Суицидке итермеледі" деген бап бойынша тергеу жүргізген құқық қорғау органдарының қызметк...
“Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі Абай Бегейдің қыздарына қарсы шықты
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
“Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шықты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz ілтеме жасап.
Заң саласының маманы танымал блогерлердің ісі құзырлы органдарға жолданғанын айтты.
“Еркенің еркелігін қара халық көтере береме екен?! Бұл бойжеткеннің заңсыз лотерея ұйымдастыруы бойынша тиісті құзырлы органдарға арызы жолданды. Жақында шақыртуы жетіп қалады. Біріншіден, бұл заңға қайшы. Екіншіден моральдық тұрғыда ұят болу керек. “100-200 теңге жерге де түсіп қалып жатыр” деп елді алдау – өте төмен тірлік. Мыңдаған адам ақша аударған жерде арнайы автоматтандырылған жүйе болмаған соң, берекетсіз дүние орын алып жатыр екен. 1000 адам қатысып 5 адамға ұтыс беру – таза алдау.
Оған қоса, бұл құйтырқылықты қайырымдылықпен жабу қаншалықты иман шартына сай?! Бұл жолда ары таза ұстаздарды контентке пайдалану қаншалықты дұрыс? Бұл ескертуге құлақ аспаса мәселені экономикалық қылмыстармен айналысатын құзырлы органдар мен салық қызметіне жолдайтын боламыз. Әзірге 100МРП айыппұл төлеп қоя салғандарыңыз дұрыс”, – деп жазды заңгер.
Сонымен қатар блогердің әкесі, танымал әнші Абай Бегейге де ескерту жасады.
“Ұялмайтын бетке, талмайтын жақ береді деген. Ерегесіп тағы да жарнама жасап жатқандары мені емес, халықты мазақ еткені. Халықпен ойнамаңыздар!Абай мырза, қажылық пен қайырымдылықпен ақтап аламыз деп ойлайсыздар ма?”, – деп күйінді заң саласының маманы.