“Жалғыз заңды әйелімін": Индира Елемес өзін тоқал деп сынап жатқандарға жауап берді

Вилеодан скрин

Шоу-бизнес
2560

Отандық танымал әнші Индира Елемес жеке өміріне қатысты берген сұқбатынан кейін желіде сынға қалды. Кейбір көрермендер оны тоқал болды деп сөгіп тастады. Алайда өнер иесі өзіне жағымсыз пікірлердің мүлдем орынсыз екенін айтты. 

Индира Елемес өзін біреудің тоқалы болды деп сынап жатқандарға Instagram-дағы парақшасында жауап берді. 

"Қайдағы ашына, тоқал? Мен оның жалғыз заңды әйелімін. Бірінші әйелімен заңды некеде болмаған. Бұрында ажырасып кеткен. Сол отбасымен және бізбен екі жақта жүретін", - деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі қазіргі жағдайын айтты. Ол бүгінде түрлі ой үстінде жүргенін жеткізді. 

“Ішімде не болып жатыр? Тек бір Алла біледі. Алдымызда не болады, оны да бір Алла біледі. Өсек сөздерге керең болайықшы", - деп жазды Индира Елемес.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...