“Енем маған ыдыс жуғызбайды”. Фариза Ескермес келіндік өмірі жайлы айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
1280

Жақында тұрмыс құрған актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасында өзінің қандай келін екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Актриса Андрей есімді жігітке тұрмысқа шықты. Актриса ата-енемен бірге тұрмайтындарын айтты.

"Оның отбасы мені керемет қабылдады. Оның әкесі де, анасы да маған Фариза немесе келін деп емес, қызым деп қарайды. Үйіне келген бірінші күні анасы маған "сен келін емессің, сен басқа адам емессің, сен біздің қызымызсың, мен өмір бойы қызды болуды армандадым" деді. "Мен Құдайдан қыз сұрағанда маған сен секілді қызды берді, мен мұны сый ретінде қабылдаймын" деді. "Мен сені дэви деп атасам бола ма" деді. Ол "жарық" деген мағынаны білдіреді екен. Қатты еркелетеді. Мен олардың үйіне барғанда ыдыс жумаймын. Жудырмайды. Орнымнан тұрғызбайды. Мақтанғаным емес, бұл мені таңғалдырды. Шын мәнінде маған ештеңе істетпейді. Оның орнына "жай ғана отырып сөйлесейікші, әңгіме айтайық, шай ішейік, билейік" дейді. "Үйдің шаруасын істемей-ақ қояйықшы" дейді", – деді Фариза Ескермес. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тіл төңірегіндегі жағдайдан кейін бірнеше күн өткен соң Magnum компаниясы ресми мәлімдеме жасап, хал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жылдың тамыз айында Жетісу өңірінде педофиль үйге кіріп, 12 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайд...