Желіде Бақдәулет есімді жігіттің қыз ұзатқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Maden...
Баян Алагөзованың қайын атасы мұз ойып, қар күреп жүр (ВИДЕО)
коллаж: madeniportal.kz
4007
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының қайын атасы еңбек жұмысынан алыс емес екенін көрсетті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бизнесмен Тұрсын Алагөзовтың әкесі далада қар күреп, мұз ойып жүрген бейнесін жариялады. Композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
«Зейнеткердің күндегі тіршілігі», - деп жазды Тұрым Алагөзов.
Желі қолданушылары болса, зейнеткерге жылы лебіздерін білдіріп жатты.
«Арқаңызды абайлаңыз, сіз өнер адамысыз ғой», «Сізге денсаулық тілеймін», «Аға, өзіңізді күтіңіз», - деп жазды желі қолданушылары.