“Олар болмаса бақытсыздық деген сөз бе?”: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды

Фото: sn.kz

Шоу-бизнес
840

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы ауылдағы күнделікті тұрмыс тіршілігін көрсетіп, видео жариялап, астына өз ойын жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Айман Талғатқызы жер үйі бар, ауылдық жерде өмір сүретіндерін көрсетті.

Келесі бір видеосында Тұрсынбектің тоқалы қытайдың арбалы мотоциклімен ауылдарындағы дүкенге өзі барып, керекті заттарын артып әкеліп, өзі түсіріп жатқанын көруге болады. 

Ал сырттағы ошақта "қазан мангал" жасаймын деп тазалық жұмыстарын жүргізген Айман Талғатқызы "кей қыздар бақытты тек ақшамен, дүниемен, еркекпен бағалайды екен. Неге? Олар болмаса бақытсыздық деген сөз бе? Қате қыздар"деген жазбамен тіршілігінен тағы бір видео жариялады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...