Әнші Ринат Шамшырақ пен әйелі Аружан Төре қалай танысқандарын баяндап берді, деп хабарлады MADENIPOR...
«Баласы болуы керек»: Салтанат Байқошқарова Дариға Бадықова туралы айтты
коллаж MadeniPortal.kz
Белгілі репродуктолог Салтанат Байқошқарова актриса Дариға Бадықованың жаңа фильмінің тұсаукесерінде өнер иесіне ерекше кеңес берді. Ол актрисаның шығармашылығына жоғары баға беріп, енді жеке өміріне де көңіл бөлуі керектігін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Салтанат Байқошқарова Дариға Бадықованы қазақтың батыр қыздарының бірі деп атап, оның қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүргенін жеткізді.
«Дариғаның өзіне көріп айттым. Көп өмірдің мәселесін көтеріп жатырсың, отбасылық қиындықтарды көрсетесің. Қорықпай, өмірде қасқайып тұрып, қазақтың бір батыр қызы ғой енді. Бірақ өзіңді ұмытпа дедім», – деді ол.
Репродуктолог актрисаның кино саласында тынымсыз еңбек етіп жүргенін айтып, енді отбасылық өмірге де уақыт бөлгенін қалайтынын жасырмады.
«Сондықтан енді отбасылық өмірге қарай бет ал дедім. Біраз уақыт бер. Өйткені қаншама Америкаға барып та түсіріп жатыр киноны, Өскемен, Шығысқа да барып түсіріп жатыр. Сондықтан мен ойлаймын, енді баласы болу керек. Бір емес, бірнешеу. Оған барлық мүмкіндігі бар ғой. Тек қана уақыт бөлу керек. Тек қана өзіне өзі мән беру керек», – деді Салтанат Байқошқарова.
Осылайша, маман Дариға Бадықованың шығармашылық жетістіктерін атап өтіп, актрисаны өзіне көбірек көңіл бөліп, жеке өмірін де назардан тыс қалдырмауға шақырды.