Қытай қазақтары әнші Айқын Төлепбергенге ат мінгізген сәтінің видеосын әншінің Instagram-да жариялад...
«Бөлек шықпаймыз деген еді»: Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті
видеодан скрин
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға қоныс аударып, енді жеке шаңырақта тұрып жатыр. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшілік жас отбасының шешіміне қатысты түрлі пікір білдірді, деп хабарлайы MadeniPortal.kz.
Отбасындағы өзгерісті әншінің келіні Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол жаңа баспанаға орналасудың ерекше әсерін жасырмады.
«Жаңа үйді орналастыру, жаңа ыдыстарды қолдану – ең күшті сезімдердің бірі», – деп жазды Әдия.
Алайда оның осы бір қысқа жазбасы желіде үлкен талқыға ұласты. Бұған дейін жас жұбайлардың ата-анасынан бөлек тұру мәселесі де сөз болғандықтан, оқырмандар олардың Астанаға көшуіне ерекше назар аударған.
Бір топ желі қолданушысы «әр отбасы жеке тұруы керек» деп жас жұбайлардың шешімін қолдаса, енді бірі Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының бөлек шыққанына таңданысын білдірді.
«Оның үстіне жалғыз ұл», «Әр отбасы жеке тұру керек», «Сұхбатында бөлек шықпаймыз деген еді, бәрібір кетіпті», «Сәкен неге жалғыз ұлын бөлек шығарды екен?» – деп жазды оқырмандар.
Кейбір пікір иелері тіпті ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты өз болжамдарын айтқан.