«Бізді қорлайсыңдар»: Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтты (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
640

Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау желіде көпшілікке назын білдіріп, ересектердің тарапынан қарша жауған хейттерге жауап қатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Бойжеткеннің айтуынша, оған көбіне 40-50 жастағы ересектердің тарапынан көңіліне тиетін ауыр сындар айтылады. Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

"Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды "тәрбие" деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіздің қарапайым пікіріңіз біреу үшін – жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді "тәрбие" деп атау",- деді бойжеткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...