Димаш Құдайберген әлемнің 40-тан астам елінде концерт береді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
112

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа "Global Mixtape" жобасына сұхбат беріп, алдағы әлемдік турнесі, қазақ мәдениеті және шығармашылық ұстанымы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші журналист Валери Лимен сұхбат барысында жаңа концерттік турдың ауқымы өте кең болуы мүмкін екенін айтты.

"Бұл жаңалықтарды әзірге жариялауға бола ма, оған толық сенімді емеспін. Сондықтан нақты айта алмаймын, құпия сақтауға тиіспін. Дегенмен тур жиырмадан астам елді қамтиды. Отыздан, тіпті қырықтан да көп болуы мүмкін. Мен мүмкіндігінше көп концерт беріп, әлемнің барлық еліне барғым келеді. Өйткені жанкүйерлеріммен кездескенді жақсы көремін", – деді Димаш.

Әнші әр елде сол халықтың ана тілінде ән орындауға тырысатынын да жеткізді. Оның айтуынша, өзге тілде ән айту – сол елдегі тыңдармандарына құрмет пен алғысын білдірудің бір жолы.

Қазіргі жарияланған кестеде Димаштың Польша, Германия, Испания, Мексика, Колумбия, Чили, Перу және Индонезиядағы концерттері көрсетілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты рэпер Наваи Бакировты екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қала ішінде және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктің жолақысы қаншалықты қымбаттайтыны...