Көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жақсы жаңалығын бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1028

Тұрмысқа шыққан соң әлеуметтік желіде де, сахнадан да көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева ұзақ уақыттан кейін алғаш рет парақшасында жаңалығын бөлісіп, жазба жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол әлеуметтік желіде оқырмандарына сағынышын білдіріп, жақында жаңа жоба ұсынатынын мәлімдеді. 

Кәмшат Жолдыбаева Instagram-дағы жаңа жазбасында жанкүйерлерімен тілдесіп, желіге сирек шығатындарға қызығатынын жазды.

«Қайырлы кеш! Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім… Инстаграмға аз шығатындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой. Дегенмен сіздермен хәл алысып тұрған да жақсы. Жақында сіздерге бір өнім ұсынбақпын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екенін жазыңыздар. Сіздерді өте сағындым!»– деді әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...