«Кешірсем, қайталамасына кім кепіл?»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы ашық айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
1055

Шоумен әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуін кешіруге қатысты пікір білдірді. Ол көпшіліктің «кешірім бер» деген кеңесіне жауап беріп, басынан өткен жағдайлардан кейін мұндай шешімге келе алмайтынын жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұған дейін Фариза Алмасқызы бұрынғы жұбайының өзіне және отбасына қатысты ар-намысқа тиетін сөздер айтып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанын мәлімдеген. Ол құқық қорғау органдарына жүгінгенін де айтқан. Ал Нұрсұлтан Жақсыген тарапы әлеуметтік желідегі кейбір жазбалардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарған.

Енді Фариза желіде өзіне «кешіре сал» деп кеңес айтып жатқан адамдарға жауап берді. Оның сөзінше, жеке басына қатысты айтылған сөздерге бұған дейін үндемей келгенімен, көпшілік алдында өзін қаралап, ата-анасын қорлағанын кешіру оған қиын.

«Кешірім бер дейсіздер ме? Қасындағы достарына, таныстарына немесе менің жеке өзіме айтқанда, мен онсыз да кешіріп, үндемей келгем. Талай ескерттім де... Бірақ бүкіл халықтың алдында маған өте ауыр жала жауып, мені қаралап, әке-шешемді қорлағанын мен кешіре алмайды екенмін.

Сіздерге айту оңай, әрине. Біреуге ақыл айту өте оңай. Бірақ осы уақытқа дейін менің қиналғаным ше? Әке-шешемнің «қызы боди-массаж жасайды» дегенді естуі ше? Дәл қазір осыларды жазып отырып, көз жасымды ұстай алар емеспін. Сөз сүйектен өтеді», – деп жазды Фариза Алмасқызы.

Ол кешірім берген жағдайда мұндай әрекеттердің қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайтынын айтып, әсіресе өзіне ақыл айтып жатқан ер азаматтарға сауал қойды.

«Дәл қазір кешірсем, ары қарай бұлай жасамауына кім кепіл? Мүмкін, қазір өліп кетіп жатқан қазақ қыздарының тағдырын қайталамасыма кім кепіл? «Кешіре сал» деп айтып жатқан ер адамдар, сіздердің қыздарыңыз жоқ па? Қыздарыңызға жала жапса, осылай ақыл айтасыздар ма?» – деді ол.

Айта кетейік, Фариза Алмасқызы бұған дейін де бұрынғы жұбайына қатысты істің әділ қаралуын сұрап, қоғамға үндеу жасаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттары шұғыл жиналатын бол...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына...