“Гүл алып бермей-ақ”: Ырысбала Икрамбай мұғалімге ақша жинау туралы мәселені айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
225

Мектептегі ақша жинау, мұғалімге сыйлық беру мәселесі ата-аналар арасында жиі пікірталас тудыратыны жасырын емес. Осыған байланысты Ырысбала Икрамбай да өз ойын айтып, ата-аналарды мұндай мәселеде бір-біріне қысым жасамауға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, ұстазға сыйлық жасау немесе жасамау - әр ата-ананың жеке таңдауы. Сондықтан біреудің сыйлық беруге мүмкіндігі болмауы немесе оған қатысқысы келмеуі ортақ чаттағы түсініспеушілікке, ренішке немесе жанжалға себеп болмауы керек. 

Ырысбала Икрамбай мұғалімдердің негізгі міндеті - балаларға білім беру екенін атап өтті. Оның сөзінше, ұстаз өз жұмысын қандай да бір сыйлық немесе қосымша қаржы үшін емес, кәсіби міндеті ретінде атқарады.

"Беретінің 25 мың болса, 5 мыңына тәтті алып, қалғанын ақшалай беремін. Ол да үйіндегі бала-шағасына шай, сүтін көтеріп барсын. Гүл алып бермей-ақ. Оларға бермесең де ренжімейді. Балаңды оқыта береді. Өзіміз де мерекеде бір гүл болсын күтіп отырамыз", - деді ол.  

Шоу-бизнес

Әнші Димаш Құдайберген жас әнші Садраддиннің Алматыда өткен жеке концертін жоғары бағалап, оның анас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Оман сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика, жасанды интеллект және білім беру...