Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы ауылдағы күнделікті тұрмыс тіршілігін к...
Еркебұлан Тоқтар сүйген аруын көрсетті
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Маркиза лақап атымен танылған блогер подкаста ашық сұхбат беріп, Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасының қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады. Маркизаның сөзінше, Еркебұлан Тоқтар шамамен алты ай бұрын Instagram арқылы алғаш болып өзі қадам жасаған. Блогерге гүл сыйлаған.
Алайда сол кезде Маркиза ауырып жүргендіктен, Еркебұланның хатына бірден жауап бере алмаған. Кейін ол «Кем дегенде гүлдердің ұнаған-ұнамағанын айтсаңшы» деп қайта жазған. Осыдан кейін Маркиза оған алғысын білдірген.
Маркиза Еркебұлан Тоқтардың ел арасында кеңінен танымал екенін бастапқыда білмегенін де айтты.
«Мен оның кім екенін мүлдем білмедім. Парақшама тіркелген кезде 2,5 миллион оқырманы бар екенін көрдім. Еркебұланнан тікелей: «Сен соншалықты танымалсың ба? Өзің кімсің?» - деп сұрадым. Ол бұған қатты таңғалып, ұялып қалды», - деді блогер.
Осылайша олардың таныстығы әлеуметтік желідегі қарапайым хат алмасудан басталған.